$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Баяндарды қолдап, мені «оңбаған» дейсіңдер»: Тұрсынбек елге ренішін білдірді (ВИДЕО)

Өнер иесі бұл тақырыпты сахнада қалжыңға айналдырып, қоғамдағы екіұдай көзқарасқа назар аударды.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші рет шаңырақ көтеруіне байланысты айтылған сын-пікірлерге әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл тақырыпты сахнада қалжыңға айналдырып, қоғамдағы екіұдай көзқарасқа назар аударды.

Әзілкештің сөзінше, ажырасқаннан кейін қайта тұрмыс құрған әйелдерге жұртшылық түсіністікпен қараса, екінші рет отбасын құрған ер азаматтар сынға жиі ұшырайды.

«Баянды қалай қолдадыңыздар! Мысалы, мен қазір әйелімді сахнаға шығарып, той көйлегін кигізейінші. Елдің бәрі мені Қазақстаннан қуып жіберуді ұсынады», – деді ол.

Осылайша Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты қоғамның көзқарасын әзілмен жеткізіп, көрермендерді күлдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 12
Күлкілі 0
Ашулы 0