$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Әлі де сен жоқ өмірге үйрене алмай жүрмін»: Асанәлі Әшімовтің қызы әкесін жоқтады (ФОТО)

"Бәрі әлі де түс сияқты".

Фото: assanalievnaa/instagram
Фото: assanalievnaa/instagram

Қазақ өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина әкесін еске алып, әлеуметтік желіде жүрекке әсер ететін жазбасын жариялады. Ол арада бір жыл өтсе де, әкесінің жоқтығына әлі де бой үйрете алмай жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сағинаның айтуынша, уақыт өткен сайын сағынышы басылар емес. Әкесіз өткен әр күн оған әлі де түс секілді көрінеді.

«Бүгін әкемнің бір жылдық асы болды. Бірақ уақыттың өтуі сағынышты азайтпады. Бәрі әлі де түс сияқты. Әлі де сен жоқ өмірге үйрене алмай жүрмін…», – деп жазды ол.

Жазбаға бейжай қарамаған желі қолданушылары Сағинаға көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ көпшілік оның сырт келбетінен әкесіне ұқсастық байқаған.

«Асылдың сынығы», «Қызы өте сұлу екен», «Жаны жәннатта болсын», «Сағыныш ешқашан басылмайды», «Әкесінен аумайды», – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0