$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«30 жас кішілер алып жатыр»: Нұрлан Еспанов әлі атақ алмағанына ренжіді (ВИДЕО)

"Мен атаққа кешіккен адаммын деймін".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Нұрлан Еспанов атаққа байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі неге атақ алуға лайықты екенін түсіндірді. 

"Нұреке, 53-ке келдіңіз ғой дейді. Мен атаққа кешіккен адаммын деймін. 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін қазір балалар менің әніммен оқып жатыр. "Әліппе кішкентай қайық", "Қос қарлығаш" барлығын мен жазғанмын. Оның бәрін айта берсем, жылап жібересіздер. "Қошқар мен теке" мультфильміндегі барлық әнді мен жазғанмын. Мен "Еңбек сіңірген" атағын алған жоқпын. Оны алу үшін не істеу керек деп ойланамын. Балалар сен өлуің керек ол үшін дейді. Қоржында 200- ден астам ән бар. Менен 30 жаас кішілер атақ алып жатыр", - деді әнші. 

Оқырмандар түрлі пікір білдірді. 

"Әр сөздің жаны бар. Өзі үшін емес қоғам үшін, ұрпақ үшін еңбектеніп, тер төгіп жүрген Нұрлан Еспановтай азаматтарымызға еңбек сіңірген әртісін беру керек", "Әлішер Кәрімовке не үшін марапат бергені мен үшін әлі түк түсініксіз", "Өзі де жауабы да супер ғой", "Бұлар неге соншама атаққұмар", "Нұрланға қосыламын.Бұл жағдай барлық салада да бар", - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0