$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Кез келген тентекке тентек табылады»: Әзілкеш Нұрболхан Шарапов туралы ойын ашық айтты

Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Нұрболханның желідегі жазбаларына қатысты ескерту жасағанын айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Актер Жанболат Найзабеков әзілкеш Нұрболхан Шараповқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Нұрболханның желідегі жазбаларына қатысты ескерту жасағанын айтты.

«Нұрболханға хабарласқанмын. «Көкем, осы жерден қоя қойшы. Threads-те қатты кетіп бара жатырсың. Мен сен үшін уайымдаймын. Әркіммен бір салғыласып, ұрыса бересің. Қатты кетпеші. Кезінде Ләйлә Сұлтанқызымен соттасып, жеңдім деген мотивациямен әлі жүрсің. Кез келген тентекке тентек табылады. Абайлашы»,– дедім. Алдында қырғыз бауырлармен де кішкене айқай болды. Сол кезде шыққаным бар. Бірақ тыңдады»,– деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0