Өнер иесі бұл жөнінде Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Танымал актер әрі продюсер Жанболат Найзабеков әріптесі әрі досы Мадияр Серікбаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл жөнінде Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Актердің сөзінше, олар бір кездері шығармашылық ортада «жұлдыз ауруын» бастан өткерген. Алайда уақыт өте келе бір-біріне бағыну мен ортақ шешімге келудің маңызын түсінген.
«Жұлдыз ауруы тез өтіп кетеді екен ғой. Сен білмейсің, қасыңдағылар біледі. Сол сияқты сондай уақыттан да өтіп кеттік. Кездескенде арамыздан әмірші сайлаймыз. Ол әміршіге бағынамыз. Егер оған бағынбасақ, ісіміз алға баспайды. Және әмірші болған жерде барлығы біртекті болады. Ол – лидер ғой. Лидерге бағынбасаң, менмендік пайда болады. Ойымен келіспеу пайда болады. Өзіңмен өзің кету пайда болады. Бізде, мысалы, Мадияр Серікбаев – лидер, әміршіміз. Ол айтады: заң», – деді актер.
Желі қолданушылары өнер иелерінің арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті атап өтіп, оларға жақсы тілектерін жаудырды.