$ 444.4 € 488.97 ₽ 5.39

«Түйеде арман жоқ»: Нұрболат Абдуллиннің жаңа образы желіні шулатты (ВИДЕО)

Жарияланған кадрлардан өнер иесінің ақ түсті сәнді киіммен түйенің үстінде отырып ән шырқап жатқанын көруге болады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин жаңа бейнебаянының үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарияланған кадрлардан өнер иесінің ақ түсті сәнді киіммен түйенің үстінде отырып ән шырқап жатқанын көруге болады. Ерекше түсірілім, заманауи стиль мен ұлттық нақыштың үйлесімі жаңа бейнебаянға өзгеше сипат берген.

Әншінің тың образы мен клиптегі ерекше идеясы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Нұрболат Абдуллиннің харизмасына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.

«Бұл да бір өзінше әлем», «Бұл да өз алдына бір әлем», «Харизма ұрып тұр. Біледі қалай аудиторияны жаулауды», «Құтты болсын, шықсын, шыға берсін», «Forbes-тің сыртында тұратын олигарх көке болып тұрсыз» деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0