$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

«Ешқашан тоқалы болған емеспін»: Тұрсынбектің екінші әйелі даулы мәлімдеме жасады (ФОТО)

"Менің де, оның да бір-ақ рет некесі болған".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өзіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол ешкімнің көңілдесі де, тоқалы да болмағанын айтып, некесінің шариғат жолымен қиылғанын жеткізді.

Айманның сөзінше, ол да, Тұрсынбек Қабатов та бұған дейін бір рет қана некеде болған. Сондай-ақ ол өзін сынайтын адамдарға үндеу жасап, олардың жеке өміріне қатысты да пікір білдірді.

«Ешқашан ешкімнің любовницасы да, тоқалы да болған емеспін. Бірінші күннен Алла алдында мешітке барып, мұсылмандық жолмен, шариғат бойынша некелескен некем бар. Менің де, оның да бір-ақ рет некесі болған», – деп жазды ол.

Бұдан кейін Айман болашақта әзілкештің тағы да бірнеше рет үйленуі мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтты. Тіпті оның әр өңірде ұрпағы қалса да қарсы емес екенін жеткізді.

«Менен кейін 10 қатынын алса да, Алла қаласа алады. Маған десе, әр өңірде бір ұрпағы қалсын. Кім біледі, солардың ішінен бір ел басқаратын, Абайдай ұлы тұлғалар шықпасына кім кепіл? Бұл – біреудің тарихы», – деді ол.

Сонымен қатар Айман екі әйелдің де өз сезімі, сенімі мен үміті болғанын айтып, бұл жағдайды бірінің жеңісі, екіншісінің жеңілісі ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті.

Оның пікірінше, кейбір әйелдер заңды некеге басымдық бергенімен, отбасындағы сезім мен ортақ мақсаттың маңызын ескермейді. Айман бастапқыда осы мәселені астарлап жеткізгісі келгенін, алайда желі қолданушылары оның сөзін басқаша түсінгенін мәлімдеді.

«Екі әйел де сүйді, екеуі де сенді, үміттенді. Әрқайсысының өз түсінігіне қарай көрер жолы болды. Біреу жеңді, біреу жеңілді деген жоқ. Алла әр тарапқа өзінше сынақтармен қатар қайырын берді», – деп жазды Айман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 14
Күлкілі 16
Ашулы 0