18.11.2026, 12:40

«Көңілім қалған»: Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет Нұржан Төлендиев жайлы айтты (ФОТО)

Фото: stan.kz

"Мен Нұржансыз да Жұлдызаймын ба?"

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет "Шаншардағы" әріптесі Нұржан Төлендиев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актриса желіде өнердегі әріптесі туралы алғаш рет тіл қатты.

«Мен күнделік жазамын. Сол күнделігімнің кейбір беттерін сіздерге оқып берейін деп шештім. Арасында менің қуанған, мұңайған, көңілім қалған сәттер де бар. Мысалы, мына бет… Осы бетті оқып отырып, өзім де ойланып қалдым. Сол кезде өкпелеген шығармын. Көңіліме тиді, жүрегімді ауыртқан шығар, бәлкім?! Қазір қайталап оқып отырып, бұл сөз маған сенімділік, шабыт сыйлағанын түсіндім. Сондықтан, өкпелемейік, өкпелетпейік…Менің күнделігімнің парағын сіз де оқығандай әсер алыңыз. Сіз қалай ойлайсыз? Мен Нұржансыз да Жұлдызаймын ба, әлде жоқ па, сіз оны 22 қараша күні Астанада өтетін алғашқы жеке әзіл кешіме келіп, көре аласыз. Мен сіздерді күтемін! Сіздермен қауышуға асықпын! Санаулы күндер қалды», — деп жазды ол. Айта кетейік, актриса алғаш рет сахнаға шығып, өзінің жеке концертін өткізбек. Көпшілік өнер иесінің бұл бастамасына қолдау көрсетіп, желіде жылы тілектерін жазып жатыр.