$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Танымал қырғыз стендапері Элдос Алмазов қайтыс болды

Стендапер сирек кездесетін гипофизарлық нанизм ауруына шалдыққан.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды. Туыстарының хабарлауынша, оның ота кезінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Стендапер сирек кездесетін гипофизарлық нанизм ауруына шалдыққан. Бойы шамамен 130 сантиметр болған. Ол сыртқы ерекшелігін әзілдеріне жиі арқау етіп, өміріндегі қиындықтарды өзін-өзі әжуалау арқылы жеткізетін.

Биыл сәуірде Элдос Алмазовқа сүйек қатерлі ісігінің агрессивті түрі саналатын остеосаркома диагнозы қойылған. Осыдан кейін ол химиотерапия курсынан өтіп, емделуге қаражат жинаған. Қыркүйекте сол аяғындағы ісікті алып тастау үшін ота жасалған.

Элдос Алмазов Қырғызстанның Ош облысында дүниеге келген. 2018 жылы Мәскеуге көшіп барған. Ол 2021 жылы TNT телеарнасындағы "Открытый микрофон" жобасына қатысқаннан кейін танымал болды. Жоба барысында Алексей Щербаковтың командасына қосылып, жартылай финалға дейін жеткен.

Кейін комик Азамат Мұсағалиевтің "Большое шоу" жобасына қатысып, жеке стендап монологтарын шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0