$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

«Өзіне жарасады»: Қайрат Нұртас сахнада әкесіне еркелеп, көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Ол жазбасында Атырауға арнайы ұлын қолдауға келгенін айтқан. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлын қолдау үшін Атырауға арнайы барып, екеуінің сахнада бірге болған сәтін әлеуметтік желіде жариялады. Жазбаға пікір қалдырған Гүлзира Айдарбекова ұлының әкесіне тартқан қасиеттерін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жарияланған видеода Нұртас Айдарбеков қолына микрофон ұстап, сахнада ұлын құшақтап тұрғанын көруге болады. Ол жазбасында Атырауға арнайы ұлын қолдауға келгенін айтқан.

«Жан баламды қолдап, Атырауға келдім», – деп жазды ол.

Бұл жазбаға Гүлзира Айдарбекова да пікір білдіріп, Қайраттың бойындағы еңбекқорлық, қарапайымдылық пен мейірімділік қасиеттері әкесіне ұқсайтынын жеткізді.

«Тараздың екі шеті болады балам, папаңның ер мінезді қаталдығы болмағанымен, 2 ші жағы еңбекқорлығың, қарапайымдылығың мен мейірімге толы жүрегің, жығылып жатсаңда сынып кетпейтінің, бұл ұқсастығың болмағанда 20 жыл праймда жүрмес па едің. Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты концерті 22 қарашада Атырау қаласындағы Жайық мәдени-спорт кешенінде өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0