$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Меккеге қажылыққа барды (ВИДЕО)

Айта кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қасиетті Мекке қаласына барып, қажылық парызын өтеуге ниет білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Меккеден жазба жариялап, мұсылман бауырларына ақ тілегін жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, мұсылман бауырлар! Баршаңызға осында келуді нәсіп етсін», – деп жазды ол желіде.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, сол додада ең үздік техникалық боксшыға табысталатын «Вэл Баркер» кубогына ие болды.

Бұдан бөлек, ол – бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), 2010 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0