$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

«Тапқан ақшамды әйеліме беремін»: Азамат Сатыбалды отбасындағы қаржы құпиясын ашты (ВИДЕО)

Актердің сөзінше, отбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірін толықтырып, өзара үйлесім табуы маңызды. 

Танымал актер Азамат Сатыбалды жары, актриса Назгүл Қарабалинамен отбасылық қарым-қатынасы және қаржы мәселесіне қатысты қызық жайтты айтты. Өнер иесі бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актердің сөзінше, отбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірін толықтырып, өзара үйлесім табуы маңызды. Азамат Сатыбалды ақша табуға бейім болғанымен, оны дұрыс жұмсап, сақтай алмайтынын жасырмады.

«Мен ақша жарата алмаймын, ақша ұстай алмаймын. Сондықтан қазақта "Мал таппайтын еркек жоқ, құра алмайды" деген әдемі сөз бар. Отбасында екі адам бір-біріне үйлесіп тұрады екен. Мен ақша жарата алмаймын. Ақша табамын. Бірақ есебін таппай, быт-шыт боламын. Шашып, жоғалтамын, біреуге беріп тастаймын.

Осыны түсінгеннен кейін қаражат әкеліп, барлығын Назгүлге беретін болдым. Маған қаражат әкелген кездегі күшті кадр ұнайды. Ұйқысын қиып тұрып, Назгүл соны санайды. Ұйқысы келіп тұрса да, қызығушылығы бар. Ерінбей тұрып ақшаны санайды», – деді Азамат Сатыбалды жары туралы.

Актердің бұл әңгімесі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктің көңілінен шықты. Желіде жұрт әзіл араластырып, ерлі-зайыптылардың жарасымды қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді.

«Азамат ағайымыз неге қартаймайды десек, Назгүл апайымыз осылай еркелетіп, баптап отырады екен ғой », «Азамат ағай кішкентай кезіміздегі сериалда түрі қандай болса, әлі сондай ғой. Әлі де стильді киінеді екен», «Дүниеге қызықпайтын әйел екені көрініп тұр. Қанша подкастын көрдім. Бір өзін жарқыратып, жылтыратып көрсетуге әуре болмайды. Қалай бар, солай. Таза ой, таза келбет, ашық ой. Неткен мықты әйел!», «Тәуф, шіркін! Барлық жағынан үлгі болатын жұп!», «Азаматты тыңдасаң, құлағыңның құрышы қанады. Көп оқығаны көрініп тұр», «Біреуі қиялист, біреуі реалист екен. Бір-бірін әдемі толықтырып тұр. Осындай қонақтарды шақыру керек қой», – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0