Сахнадағы келеңсіздіктен кейін әншіге көмектесу үшін досы да сахнаға шығуға мәжбүр болды.
Әнші Қуандық Рахым концерт барысында күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі домбырамен «Ей, қыздар» әнін орындауға кіріскен сәтте екінші микрофоны төмен қарай құлап, ән айтуына кедергі келтірген.
Микрофонды бірнеше рет түзеп, әнін жалғастыруға тырысқанымен, құрылғы қайта-қайта сырғып түсе берген. Ақыры әнші бұл жағдайға шыдай алмай, күлкіге ерік берді. Онымен бірге залдағы көрермендер де ду күлді.
Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары оқиғаға әзілмен қарады.
«Қыздарға келгенде микрофонның бұлай жасағаны болмады. Қыздар туралы айтпасын деп тұрған шығар. Әншінің күлкісі ерекше», – деп жазды олар.
Сахнадағы келеңсіздіктен кейін әншіге көмектесу үшін досы да сахнаға шығуға мәжбүр болды.