$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Өнер иесі бұл жайында Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Театр және кино актрисасы Жанаргүл Жаныаманова баласынан айырылу қайғысы мен сол жағдайдан кейін өзін кінәлаумен күресу туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жайында Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті.

Актрисаның айтуынша, жақынынан айырылған адам ең алдымен өзін кінәлап, «сол кезде басқаша әрекет етсем, бәрі өзгеше болар ма еді?» деген ойға беріледі.

«Жақының материалдық өмірден өтіп, мәңгілік өмірге кеткен кезде, барлық адамға тән ой шығар. Өз-өзіңді кінәлау болады. Бірінші кезекте сонымен күресу қиын. Біреу дәрігерді кінәлап жатады, біреу соған себепкер болған жандарды кінәлап жатады. Өзің, бірінші кезекте, адам өзін кінәлайды. Сол кезде “былай жасағанымда”, “бәрі басқаша болғанда”, “осыны дұрыс жасамадым” деген кінәлаулар болады», – деді өнер иесі.

Актрисаның жан сырын тыңдаған желі қолданушылары оған жылы сөздерін арнап, қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0