$ 449.58  486.94  4.86

Елбасы кітапханасы 650 мың кітап қоры бар Ф.Эберт қорымен меморандумға қол қойды

Елбасының кітапханасы және Ф. Эберт атындағы қор ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Фридрих Эберт атындағы қор арасында ынтымақтастық келісімі жасалды. Меморандумға сәйкес, Елбасының кітапханасы 650 000 кітап қоры бар Ф.Эберт қорының тәжірибесін өз жұмысына енгізеді. Соның ішінде, Президент Н.Ә. Назарбаевтың бай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін қажетті кітап сақтау технологиясы қызықтырады.

ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков кітапхана қазақстандықтарға қолжетімді болатындығын атап өтті.

– Біздің жаңа кітапханамыз үшін бұл бірінші халықаралық байланыс. Біріншіден, бізді кітапхана мәселесін қалай жетілдіру керектігі қызықтырады. Бұл қордың кітапханасы Еуропадағы ең үлкен кітапхана, электронды кітапханасының да қоры мол. Сол кітапханамен байланыс жасап, ондағы кітаптарды бізге де пайдалануға жағдай болады. Сондай-ақ, біріккен ғылыми-зерттеу, талдамалық жұмыстар жүргізіледі. Біз енді ғана алға қадам жасап жатырмыз сондықтан, біз олардың тәжірибесін қараймыз, зерттейміз, – дейді ол.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен тығыз байланыс орнатып, біріккен шаралар өткізуге асық екенін білдірген Ф.Эберт атындағы қордың Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдігінің директоры Пэр Тешендорф неміс тіліне аударылған Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйға тартты.

Ф.Эберт атындағы қор Германияның демократиялық жолмен сайланған алғашқы Рейхс-президенті Фридрих Эберттің (1871-1925 жж.) құрметіне 1925 жылы құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары