$ 443.35  475.54  4.82

Астанада өткен музыка байқауы жеңімпаздары Ресейде фестивальға қатысып жатыр

Astana Piano Passion байқауының жеңімпаздары Ресейде музыкалық фестивальға қатысып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының жазуынша, Astana Piano Passion байқауының жеңімпаздары румыниялық Кадмиель Ботак Александру және жапондық Шио Окуи Иркутскіде «Звезды на Байкале» халықаралық музыка фестиваліне қатысып жатыр.  

Ертең Кадмиель Ботак Губенаторлық симфониялық оркестрмен, Денис Мацуевпен және басқа да ресейлік танымал музыканттармен бірге бір сахна төрінде өнер көрсетеді. Ол бір ай бұрын Францияда өткен «Annecy Classic» фестиваліне қатысқан болатын. Бұл жас пианисттер үшін мол тәжірибе жинау мүмкіндігі.

Кіші топта жеңімпаз атанған он жасар Санжарәлі Көпбаев Ресейде өтетін «Crescendo» жыл сайынғы фестиваліне дайындық үстінде. 

Ал Астанада «Astana Piano Passion» ІІІ халықаралық жас пианисттер байқауына дайындық жұмыстары басталды. 2015 жылы көктемде барша әлемнің дарынды балалары тағы да Астанада бас қосады. Байқаудың ұйымдастыру комитеті қазақстандық жас пианисттердің ата-аналарын балаларға қазірден бастап жан-жақты қолдау көрсетуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары