ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түрікменстанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мактымгулы Акмырадовпен кездесті. Онда мәдениет және спорт салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мәдениет және өнер салалары талқыланған.
«Қазақстандық ведомства басшысы мен Түрікменстан Елшісі мәдени саладағы тәжірибе және екі мемлекеттің мәдениет және өнер өкілдерінің арасында шығармашылық байланыстар алмасуға келісті», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қатысушылардың ойынша мәдениет саласындағы ықпалдастық тұрақты және ұзақ мерзімді болуға тиіс. Тараптар арасында Қазақстан мен Түрікменстан жетекші ұжымдарының қатысуымен түрлі концерттер, көрмелер, спектакльдер ұйымдастыруға келісімі жасалды.