$ 449.58  486.94  4.86

Астанада татар халқының ұлттық Сабантой мейрамы өтеді

19-21 қыркүйек аралығында Елордада Татарстан Республикасының Астанадағы күндері өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Осыған орай Қазақстан астанасына ресми тұлғалар, іскерлік және білім беру салаларының өкілдері бастаған Татарстан делегациясы келеді деп күтілуде.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Татарстаннан келген делегация қаланың өндіріс орындарын аралап, бизнес-форум жұмысына қатысады. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанның татар диаспорасы өкілдерімен кездеседі.

Бұған қоса, Бейбітшілік және Келісім сарайында Татарстан өнер шеберлерінің гала-концерті өткізіліп, сол жерде фотокөрме және ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күндері Астанада татарлардың ұлттық мейрамы Сабантой тойланып, шара барысында Татарстанның өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Сабантой кезінде күрестен жоғары салмақта Қазақстан чемпионаты, сондай-ақ, Қазақстан мен Татарстан командалары арасындағы матчтық кездесу өтеді. Жауыры жерге тимеген жеңімпаз балуан жеңіл көлікке ие болады. Той барысында бұдан басқа халықтық ойындардың 13 түрінен жарыстар өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары