$ 443.85  474.3  4.8

ҚызПУ 70 жылдығын атап өтпек

Ертең, 19-қыркүйек күні Алматыда Республика сарайында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған «70 жылдық белесі: болашаққа жарқын жол» атты мерейтойлық салтанатты кеш өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерейтойға зиялы қауым өкілдері, ірі ғалымдар мен публицистер, белгілі азаматтар, танымал тұлғалар, университеттің мақтаныш ететін түлектері, ҚР Парламентінің депутаттары, үкімет мүшелері және шетелдік университет басшылары мен беделді ғалымдар қатыспақ. Кеш шымылдығын Республика сарайының алаңында 70 жұптан тұратын «Қызғалдақ» балы ашса, салтанатты кеш университет тарихындағы мәні зор басқосуға айналмақ. Соңы арнайы дайындалған гала-концертке ұласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары