$ 494.87  520.65  4.91

Астанада татар халқының ұлттық «Сабантойы» тойланды

Бүгін, 20 қыркүйекте Астанада Татарстан Республикасының мәдени күндері аясында «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда татарлардың ұлттық мерекесі – Сабантой өтті, деп хабарлайды Skfnews.kz.

Астана қаласы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда таңертеңнен кешке дейін татардың ұлттық әуені ойнап, көрмелер, балуандар күресі, байқаулар, ән шашулар, билер өткізілді. Сабантой барысында Татарстанның ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін сауда-көрмелер ұйымдастырылды.

Сауда-көрмеге азық-түлік пен киім-кешек түрлері қойылды. Сонымен қатар, көрмеде құс еті, атап айтқанда қақталған қаз, үйрек еттері, ұлттық тағамдар, алкоголь өнімдері (шарап, шампан, арақ, аперетивтер, бальзамдар және т.б.) ұсынылды.

Сондай-ақ, Сабантойда Татарстан өнер шеберлерінің гала-концерті өткізілді. Астаналықтар мен қала конақтары үшін «Қазан», «Татарстан» ансамбльдері және басқа да өнер ұжымдары қойылымдарын ұсынды.

Айта кетейік, биыл Астана мен Қазан қалалары арасында бауырластық орнағанына 10 жыл толып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары