$ 494.87  520.65  4.91

Астанада өткен ғасырлардан сыр шертетін экспонаттар көрмесі өтіп жатыр

Астанада XVIII- XX ғасырдан сыр шертетін бірегей көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазіргі заман мұражайына келушілер еуропалық, кеңестік үлгідегі сағаттан бастап, тұрмыстық заттарды, әшекей бұйымдарды, сирек кездесетін жәдігерлерді, Еуропа сарайларындағы жауһарларды көріп, көзайым бола алады. Көрмеге ұзын саны 300 жуық экспонат қойылды. Аталған көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.

–       Кейінгі жылдары дүние жүзінде суретшілер, көрермендер абстракциялық өнерге бет бұруда. Бірақ, 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап, бүкіл дүние жүзінде академиялық, я болмаса, классикалық өнерге деген қызығушылық көбейді. Мына жұмыстардың көбі көшірме болса да, теңдесі жоқ, өте бағалы бейнелеу, жиһаз, мүсін өнер туындылары деп есептеймін, – дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемсурет факультетінің деканы, профессор Ермек Асылханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары