$ 446.49  475.38  4.79

Әнші Сиви Махмудидің қымбат көлікті қиратуы «арзан қойылым» боп шықты (ВИДЕО)

Осыдан бірер күн бұрын су жаңа Mercedes-Benz S-class көлігін гольф-таяғымен ұрып қиратқан әнші Сиви Махмудидің бұл әрекеті жай ғана «арзан қойылым» боп шықты. Көлік иесі әнші Ренат Баситов Sn.kz порталына берген сұхбатында Сивимен расымен де ренжісіп қалғанын айтқан болатын.

Сөйтсек, эстарада жұлдыздарының ренжіскен түктері де жоқ екен. Олар тек өздері түскен «Соқыр махаббат» фильмін жарнамаламақ болып, арзан PR жасаудан әрі аса алмаған. Бұған дәлел ретінде төмендегі видеоны назарларыңызға ұсынып отырмыз. Онда Сиви мен Ренат осынау «қойылымға» дайындық жасап, көлікті қалай сындыру керектігін үйреніп жатқан сәті түсірілген.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жарияланған видеороликте Сиви аса қымбат көліктің терезелерін шағып, «Ол кадрларды неге аласың, мен саған айттым ғой 3 балам бар» деп айғайлап ұрысып жатады. Артынша Ренат Баситов сұхбат беріп, Сивидің интимді кадрларға түскенін сөз етті. Осылайша олар жаңа түсірген фильмдеріне көрермен тартқысы келген болар.

Жалпы, отандық эстарада жұлдыздарының PR-ы үнемі осылай сәтсіз шығып жататыны жасырын емес. Мәселен, бұған дейін Нұрлан Еспановтың көшеде төбелесуі, Асхат Тарғынның той кезінде тамадамен төбелесуі, MC Сайлаубектің төбелес кезінде атылуы интернет пайдаланушыларының күлкісін туғызып, аталған әншілер мазаққа айналған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары