$ 447.4  477.55  4.76

Фотосуретші Жеңіс Ысқабайдың фото көрмесі өтті (ФОТО)

БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын түрлі туындыларымен таң қалдырып жүрген «Жусан» студиясы көпке танымал. Ал, оның негізін қалаушы Жеңіс Ысқабай өзге фотографтар секілді табиғаттан шабыт алмайды. Адамның түрлі кездерін құбылтып таспаға басқанды жаны сүйеді. Оның фото-суреттері бойдағы намысты қашайтындай әсерлі.

Жеңіс Ысқабай дәл осы «Намыс» атауымен Талдықорған қаласында  суреттерінің көрмесін өткізді. Шын өнерге баға беруге келген жұрттың қарасы көп. Барлығы да Жеңістің фотосуреттерін көруге құштар.

 Өзінің айтуынша көрмені өтккізуді ұзақ жоспарлаған. Суреттерінің саны да біраз жиналып қалыпты.

«Фотосурет және фото өнеріне деген құштар жас таланттарды тауып олардың осы өнердегі өз жұмыстарын көрсетулеріне мүмкіндік беру мақсатында осындай шара ұйымдастыру – фотоөнерге қосқан үлесім. Қазақстанның спорт өмірінен хабар беретін фотолардың маңызы ерекше. Сол себебі жас спортшыларымызға үлгі-өнеге болу үшін, облысымыздың белгілі спортшыларының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылып отыр. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, қазақ елінің спорт тарихын паш ететін фотокөрмені  тамашалаудың өзі бір ғанибет» - дейді, белгілі фотограф.

Көрмеге барлығы 40 фотосурет қойылған.  Олар кәсіби жоғары деңгейде түсірілген.  Ерекшелігі, фото-суретші бұл жолы тек спортшылардың суреттерін ғана көрмеге ұсыныпты.

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары