$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде ән шырқайды

17 мамырда Францияның Канн қаласында дәстүрлі кинофестиваль бастауын алады. Әлемдік кино саласындағы ең маңызды осынау байқауда қазақ әншісі Димаш Құдайберген ән шырқамақ. Бұл туралы әншінің Instagram-парақшасында жазылған.

Еуропаға Димаш Қытайдан тікелей аттанады.

«Гуаньчжоу қаласына үлкен раhмет!!! Dears-тарымның риясыз маhаббаты мен көңілі маған күш қуад береді! Көп раhмет!!! Ал, біз Франция астанасы Париж қаласына жолға шықтық! Әрі қарай, Канн фестивалі!.. Жақсы күндеріміз көп болсын! Жақсы көрем баршаңызды», — делінген Димаштың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сәуір айында Мәдениет және спорт вице-минситрі Ақтоты Райымқұлова Димаштың Канн кинофестиваліндегі Қазақстан павильонының ашылу рәсіміне қатысатынын айтқан болатын.

Ал, осыдан бірер апта бұрын Д.Құдайберген француз телеарнасындағы шоулардың біріне қатысып, SOS d'ŭn terrien en detress әнін шырқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары