$ 447.4  477.55  4.76

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан мен голливудтық танымал актриса Ева Лонгория қазақтың дарынды жас әншісі Димаш Құдайбергенді бүгінгі туған күнімен құттықтап, арнайы видеосәлемдеме жолдады. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов мәлімдеді.

"Димаш, мынау саған. Мен үйде күйеуіммен отырмын, ол әне - артымда. Сен өте дарындысың. Мен сенімен таныс болғаным үшін өте қуаныштымын және өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Дәл осы күні дүниеге ерекше даусы бар талантты баланың келгені қандай қуанышты! Мынау саған", - деп Лара Фабиан Димашқа арнап ән шырқап берді.

Қазақ әншісін Голливудтың жұлдызы Ева Лонгория да арнайы құттықтап отыр.

"Сәлем Димаш, бұл Ева! Саған бақытты өмір тілеймін. Сен үлкен талантсың. Саған бар жақсылықты тіледім", - деді Лонгория.

Айта кетейік, бүгін Димаш Құдайберген 23 жасқа толды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары