$ 448.15  483.46  4.86

Карина Абдуллина Болат Сыздықовтың жарыққа шығарып үлгермеген әнін орындады (ВИДЕО)

Әнші Карина Абдуллина қайтыс болған күйеуі, танымал композитор Болат Сыздықовтың жарыққа шығарып үлгермеген әнін орындап, видеороликпен өзінің Facebook-парақшасында бөлісті.

"Менің орындауымдағы жаңа әнді ұсынамын. Оның әнін мәскеулік құрбым, өте дарынды музыкант Наталья Стурова, сөзін ресейлік ақын Юрий Ремесник жазған. Авиторлар бұл әнді Болат Сыздықовқа сыйлаған болатын. Ол бұл әнді гитарамен айтып отыратын, бірақ, жазып үлгере алмады. Енді әнді жарыққа шығару менің еншімде деп ойлап отырмын", – деп жазды Абдуллина.

Еске салайық, танымал музкант Болат Сыздықов былтыр 7 мамыр күні дүниеден өткен болатын. Ол өзінің 60 жылдық мерейтойына 1,5 ай қалғанда көз жұмды. Карина Абдуллина екеуі "Мюзикола" дуэтін 1992 жылы құрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео