$ 498.34  519.72  4.85

«Шабыт-2017» еліміздің ең дарынды жастарын анықтады

Осымен жиырмасыншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастардың фестивалі биыл да өз жеңімпаздарын анықтады. Астана төрінде өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі гала-концерт форматында өтіп, жылдағы дәстүрінінен жаңылған жоқ.

Халықаралық байқауды Астана қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыратыны белгілі. Ал, әділ қазылық етуге елімізге еңбегі сіңген өнер және мәдениет қайраткерлері шақырылған.

Дәстүр бойынша әр номинация бойынша қазылар алқасы Гран-при иегерін анықтайды. Кеш осы жеңімпаздарды марапаттаудан басталды.

«Классикалық музыка» номинациясында бірнеше жеңімпаз анықталды: «Академиялық вокал» санатында Ұлпан Әубәкірова, «Альт, виолончель, контрабас» санатында Эльдар Айтбеков, скрипкада – Жібек Мусургалиева көш бастады.

Цирк өнерінде Кирилл Столбовских жетекшілік еткен «Қарсы әткеншек» номерімен Астаналық цирк артистері үздік атанды.

«Халық музыкасы» номинациясында халық ансамбльдері арасында «Қорқыт» ұжымы топ жарды, үздік домбырашы – Ұлан Бакижанов, ал домбырамен ән айтуда Асқар Мұқият жоғары марапатқа қол жеткізді. Үздік әдеби шығарманың авторы – Әбілқайыр Қанат. «Актелік шеберлік» санатында Ұлан Қабыл Гран-при алды. Жеңімпаздарды фестивальдің халықаралық қазылар алқасының мүшелері марапаттады.

Сондай-ақ, фестивальдің басты сыйлығы – ҚР Президенті Кубогін скрипкашы Жібек Мусургалиева жеңіп алды.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Сахна төрінде жоғаы марапаттаға қол жеткізгендер мен шақыырылған қонақтар өнер көрсетті. Атап айтқанда, Күләйым Қайырбаева, Бибігүл Жанұзақ, Альбина Оганесян және «Рензо» тобы.

Биылғы фестивальдің үздік актері Ұлан Қабылдың көрсетілімін көрермендер қошеметпен қарсы алды. Бұдан басқа, вокалшы Ұлпан Әубәкірованың да орындауы тыңдармандардың көңілінен шықты. Ал белгілі әлемдік хиттерден попурри орындаған «Қорқыт» ансамблі жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жүргізушілер Айнұр Ілиясова мен Азат Абыкен кештің көркін келтірді.

ҚР Президенті кубогының иегерінің есімі шара соңына дейін жарияланбады.

«Шабыт» фестивалінің ең жоғары марапатын Жібек Мусургалиеваға елода әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыс етті.

- Мен конкурстарға көптен бері қатысып жүрмін. Бірақ «Шабыттағы» жеңіс мен үшін күтпеген жағдай болды. Мен толқып тұмын. Астана қаласының Мәдениет басқармасына мен сияқты жас дарындарға мүмкіндік беріп осындай конкурс ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Соңғы кезеңде мен өзім жақсы көретін Арам Хачатурянның концертін орындадым, оны бұрыннан орындап жүрмін, - деді фестиваль жеңімпазы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары