$ 449.58  486.94  4.86

Ерке Есмаханның жаңа бейнеклипі 9 күнде 2 миллион рет қаралған (ВИДЕО)

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмаханның «KZ жігіт» әніне түсірілген бейнеклип көрсетілім саны жағынан жаңа рекорд орнатты. Youtube видеопорталына жарияланған видео 9 күн ішінде 2 миллион рет қаралған.

Еркенің «КZ жігіті» әні оның хитке айналған «Қайда?» бейнебаянының жалғасы ретінде түсірілген болатын. Жаңа бейнеклип аз ғана уақыт ішінде кең танымалдылыққа ие болды. Ал еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шырқап жүрген Еркенің «Қайда?» әні 5 ай ішінде 40 млн-нан астам қаралым жинаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары