$ 448.89  477.93  4.76

Бірге суретке түспегені үшін Сәкен Майғазиевті тыңдарманы балағаттап кетті (ВИДЕО)

Тыңдармандар сүйікті жұлдызын көрсе болды, естелік суретке  түсіп қалуға тырысады. Бірақ өнер адамдары бәрінің бірдей көңілін табуға құлықты болғанымен, үлгере алмай жатады. Сондай бір сәтте өзін балағаттап кеькен көрермен жайлы Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасына жазды.

Әнші әріптесі Ернар Айдардың концертінде көпшіліктің өтінішімен ән орындаған. Жанына келген әр тыңдарманымен суретке түсуге тырысқан Алайда көптің ортасында тапталып, әншіге “қолы жетпей” қалған тыңдарманның бірі көңілі қалғанын айтып, неше түрлі сөз айтып кеткен.

“Сәкен осы сәттен кейін өзінің бір жанкүйерін жоғалтып алатынын білмеді-ау. Суретке түсіп үлгермегеніне мені кінәлап, жек көретінін жеткізіпті. Мен көкірек көтеріп, “жұлдыз ауруына” шалдығып, кеудесінен итеріп кетіп қалыппын-мыс. 3000 адамның бәрімен суретке түсе алмағаныма кешірім сұраймын. Отырса опақ, тұрса сопақ болған әнші байғұстар-ай. Өмір ғой”, – деп ренішін жазды Майғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары