$ 498.34  519.72  4.85

Жұбайының мамандығын білмейтін Ернар Айдар ұятқа қалды

Биыл тамыз айында ғана шаңырақ көтерген Ернар Айдар сұхбат барысында жұбайының мамандығын білмей ұятқа қалды. Аталған сұхбат 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында көрсетілген.

“1,5 жыл бұрын кездескенбіз. Мамандығын білмейді екенмін. Бірақ оқуындағы ұстаздарына көп-көп рахмет, түсініп, көмектесіп жатыр. Жарым бірнеше тілді біледі. Арабша, ағылшынша, орысша, қазақша. Өте байсалды, сабырлы. Мен өзім қызбамын, сондықтан сабырлылығы өте қатты ұнайды”, – дейді Ернар.

Эстрада жұлдызының айтуынша, жары көпшілік алдына шығуды аса ұната бермейді екен. Тіпті, Ернар Айдардың тыңдарманы да емес. Десе де, қазақ эстрадасындағы барлық әншінің шығармашылығынан хабардар көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары