$ 498.34  519.72  4.85

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Италияда өнер көрсетеді

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Еуропаны тәнті қылмақ.  Алматылық өнер ұжымы желтоқсан айының 12-сі мен 18-і аралығында Италияға гастрольдік сапармен аттанғалы отыр.

Италиялықтарға Қазақстанның опера және балет өнерінің қыр-сырын көрсетуді мақсат тұтқан өнер ұжымының тосынсыйы мұнымен бітпейді. 1817-ші жылы Римнің Валле театрынды қойылған "Күлбикеш" операсы араға 200 жыл салып, Алматы қаласында бірінші рет сахналанбақ екен.

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмаларды орындау үшін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің бағдарламасымен Рим еліне гастролдік сапар шегеді. 12-18 желтоқсан аралығында Италия қалаларында «Лебединое озеро», «Искатели жемчуга» және тағы басқа операларды сахналамақ. 

Ал, гастрольдік сапарға кетпес бұрын театр ұжымы алматылық өнерсүйер қауымның назарына алғаш рет «Күлбикеш» операсын ұсынғалы отыр. Перроның танымал бұл туындысын Россини жаңа тосын жайттармен толықтырып, күлкілі операға айналдырған. Барлығымызға белгілі кеште Күлбикеш хрусталь аяқ киімін жоғалтпайды, бірақ ханзадаға білезігін береді. Сол білезік арқылы ханзада қызды табу керек.

«Күлбикеш» персонажы – мейірімді, шыдамды кейіпкер ретінде есте қалады. Осы қасиеттері үшін ол керемет сиқырдың куәгері болады. Менің осы рөлді сомдауда түсінгенім, бізге қарапайым адамдарға кейде осы қасиеттер жетпей жатады», - деді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисі Оксана ДАВЫДЕНКО.

Айта кетейік, операның премьерасы 1817 жылы 25-ші қаңтарда Римнің Валле театырында қойылған. Енді, 200 жыл өткен соң, Алматы қаласында бірінші рет сахналанғалы жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары