Қазақтың суырып салма ақыны, әнші-композиторы Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы республика бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталып өтуде. Дәл қазір Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» атты 3 актілі музыкалық қойылым өтуде.
Музыкалық бұл туынды 3 бөлімнен тұрадыҚойылымды көруге келген адам саны көп. Сондай-ақ, залға жиналған халықтың басым бөлігі жастар. Ұйымдаструшылардың айтуынша, бұл жастарға рухани азық беру, қазақтың дара тұлғаларын дәріптеу болып табылады. «Алатау» дәстүрлі өнер театр сахнасында музыкалық қойылым алғаш рет өтуде.
«Шамамыз келгенше тұтас қамтып жатырық. Бұл алғашқы қойлымымыз болғансоң, қашайтын, жонатын тұстары көп болуы мүмкін. Біз осы қойылым арқылы Қазақстан және Алматы жұртынана сүйінші сұрап жатырмыз. Өйткені «Алатау» театрының алғашқы қойылымы сахнаға шықты», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ерік Жүсіпов.
Абайдың ақындық мектебінің таланытты өкілі Әсет Найманбайұлының 150 жылды Қазақстанның түкпір-түкпірінде аталып өтуде.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, «Қызыл-арай» ауылында дүниеге келіп, 1922 жыл Қытайдың Құлжасында қайтыс болған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.
Әсет 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда ол араб тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды. 14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.
Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.