21.12.2017, 07:04

Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (ВИДЕО)

Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды. Жаңа әннің тұсауы НТК арнасында кесілді.

«Біз өзіміздің үйлену тойымызды «Егіз-лебіз» әнін айтқан болатынбыз. Күйеуімді өнерден жұрдай адам деп айта алмаймын», – деп Бақаева күйеуінің талантына өзінше деп баға берді.

Бұған дейін әнші «Арнау» тобында Нұржан Керменбаевпен бірге бірнеше жыл өнер көрсеткен болатын. Оларды көпшілік «Егіз-лебіз» әнімен жақсы таниды.

Айта кетейік, Салтанаттың күйеуінің аты да Нұржан. Олар 2010 жылы шаңырақ көтеріп, екі баланы өмірге әкелген.