22.12.2017, 03:09

Шымкенттің ең сұлу қызы анықталды

Кеше Шымкентте сұлулық байқауы өтті. 17 қыз ішінен ақылына көркі сай деген бір қыз топ жарды.  

Сонымен, "Шымкент аруы - 2017" байқауында сұлулық тәжін Ниязбек Айғаным жеңіп алды. Ол енді алдағы жылы көктемде Астанада өтетін "Қазақстан аруы-2017" байқауында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, кешті актер Тәуекел Мүсілім мен Ирина Тен жүргізді.

Еске салайық, өткен жылы Гүлбану Әзімханова "Қазақстан аруы - 2016" жеңімпазы атанған. Шымкентте өткен биылға шараға ол да арнайы қонақ ретінде шақыртылды.