22.12.2017, 12:20

Төреғали мен Ернар Айдар өздерінің ән кештерін фонограммамен өткізгені белгілі болды

Қазақстандағы ең үлкен сахналардың бірі – Республика сарайында ән кешін өткізген өнер жұлдыздары Төреғали Төрәлі мен Ернар Айдар жанды дауыс деп, фонограммамен ән айтқан. Бұл туралы НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтылды. 

Төреғали Төрәлі 4 кезеңнен тұратын концертінің тек соңғы бөлігін ғана, «Ұлытау» тобының сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап шыққан.

Ал, Ернар Айдар табиғи дауыста кеш беруге әлі дайын емес. Әнші жігіттің 5 жылдық мерейтойы 100 пайыз фонограмамен өтті. Жол апатынан кейін ол әзірге осы жағдайына да шүкіршілік ететін көрінеді. 

«Мен аман-есенмін. Әуелі Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда. Жалпы айтқанда, бір-бірімізге деген сағынышымызды басайық деген ән кеші ғой», – деді Ернар Айдар тілшілерге берген сұхбатында.