$ 444.32  473.33  4.76

Әнші Бүркіт Төреғали Төреәліні қолдайтынын айтты

Павлодардағы концертінде тыңдармандарға дауыс көтеріп, залда отырған ер азаматты сөккен әнші Төреғали Төреәліге жұрттың өкпесі қара қазандай. Тіпті, отандық радиостанциялар да оның әндерін эфирден алып тастай бастады. Өйткені, көпшілік Төреғалидың сол концертте сау болғанына күмәнмен қарайды. Яғни, әнші сахнаға мас күйде шыққан болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Осы жайттан кейін "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Төреғалиден халық алдында кешірім сұрауын талап етсе, "Бүркіт" (Айбек Сейітов) керісінше, оны қолдайтынын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Адам деген қатыгез боп бара жатқанына көзіміз жетіп отыр! Біреуіміздің аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін болған күнге жеттік. Міне. Түсінем, өмір де қиындап кетті, әркімнің өзінің өмірлік қиындықтары толып жатыр. Ешкімнің басқаның өмірінде еш шаруасы болмай кеткен күндер. Орысша айтқанда: «Не мои проблемы» дейтіндер молшылық. Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан-ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен, адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай инста желісінде бәрі жабылып жас балаға? Сабырлық сақтайық, қалай айтсақ та ол өз бауырымыз, қазақтың баласы! Қандасымыз!

Біреуіміз кішкене ғана өзімізден асып кетсе болды, етегінен төмен қарай тартуға ұмтыламыз. Қалай айландырса да, бұл баланың маңдайында жұлдызы жанған бала! Сабыр етіңіздер, ағайын! Шетелдің батысынан келген "у-шудың" бәрін өз бойымызға сіңдіріп жүрміз. Біреудің сыртынан жаман айтып, күнә жинамайық, әсіресе инста қолданушылар. Өтінеміз. Болар xалық бірін-бірі батыр дер, сол айтпақшы, бір-бірімізді сыйластықта өтейік. Өмір-өзен қысқа. Өміріміздегі жақсы мен жаманға баға беріп, соттайтын бір - АЛЛАҺ! Менімен келіспейтіндер де болады қазір, мен білемін. Дегенмен, ойланайық ағайын. Жақсылығымыз көп болғай! Бір-бірімізді құрметтейік!», – деді Айбек Сейітов өнердегі інісін қолдап.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары