$ 498.34  519.72  4.85

Қайратты бұрын айына 1-2 рет көретінмін – Жұлдыз Әбдікәрімова

Бір күнде ғана «жұлдыз» болып шыға келген Жұлдыз Әбдікәрімова бұрынғыдай үй тірлігіне араласа қоймайды. Себебі, қазір оның күйеуі Қайратпен бірге іс-сапарға шығудан қолы тимей жүр. 

Жұлдыз өзінің тіпті Instagram парақшасына кіруге де уақыты болмай жүргенін жазған. 

«1 ай бойы жігітімнің жанында жүріп, бәрі жайына қалды. Адам жақсылыққа тез үйренеді дейді ғой. Бұрын айына небәрі 1-2 рет көретінмін, қазір үнемі жанымда. Маған бұл серпіліс пен жігер әкеледі», - дейді Қайрат Нұртастың әйелі өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, осыдан бірнеше ай бұрын танымал әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен «Арман. Когда ангелы спят» фильміне түскен болатын. Содан кейін олар қалың көрерменнің алдына шығып, барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары