Мәдениет & Шоубиз 03.01.2018 сағат 06:24

Қайрат Түнтековті жеңісімен құттықтаған әріптестерін байқамадым – желі қолданушысы

Әлеуметтік желі қолданушылары “I’m a singer Kazakhstan” жобасында жеңіске жеткен Қайрат Түнтековті құттықтамаған әнші әріптестерін сынға алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайтраттың әнші әріптестерін сынай отырып, олар instagram-прақшасындағы v_shymkente паблигіне Түнтековті құттықтауға арналған пост жариялады.

«31 желтоқсаннан бері instagram-прақшасында отырмын. Бір өкініштісі – әнші әріптестері Қайратты жеңісімен құттықтағанын байқамадым. Сол себепті, достар, өзіміз қолдайық!», – делінген жазбада.

Постты 4 мыңнан астам адам ұнатып, 300-ге жуығы бөліскен. Ал 500-ден астамы әншіні құттықтап, ізгі тілектерін жаударыған.

Еске салайық, Қайрат Түнтеков 1 қаңтар күні “I’m a singer Kazakhstan” мегашоуының жеңімпазы атанып, 3 млн 500 мың теңгеге ие болған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар