$ 494.87  520.65  4.91

Баян сериалға кеткен шығынды қайтарсын – Меруерт Түсіпбаева

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы «Қазақстан» арнасынан желтоқсан айынан бастап көрсетіле бастаған. Көп ұзамай бұл туындыны сынаушылар қатары көбейіп кетті. Көрермендердің айтуынша, мұнда тарих бұрмаланып көрсетілген. Қазақтың салт-дәстүріне де мүлдем қайшы.

Эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева мәдени мұрамызға кім көрінген қол сұқпауы тиіс деген пікірде. Осы орайды әнші көпшілікті тарихты қорлауға жол бермеуге шақырды.

“Баян сулу” сериалы жайында… Сіздер мен біздердің – яғни бюджеттен бөлінген, салықтан, xалықтан жиналған қаржымызға түсірілген сериал жарамсыз деп табылды. Онда қаржы қайтарылсын. Қазақи, ана тілімізді толық меңгерген продюсерге берсін де қайтадан түсірілсін”, – дейді Түсіпбаева.

 Ал, «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин болса, бұл ретте продюсер Баян Алагөзованы қолдап шыға келді. Айтуынша, сериал жастар арасында үлкен сұранысқа ие болыпты-мыс.
Десе де, Түсіпбаеваны Қариннің бұл жауабы қанағаттандырмады.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры халқымыздың екі мың жылдық тарихқа ие рухани мұрасы. Екі ғашықтың мөлдір сезімін арқау еткен жыр – бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырған махаббат пен достық, пәктік пен тазалық, ізгілік пен адамгершілік туралы асыл ойларының жалғасы. Соның айғағы Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты бүгінде жастарға ғашықтықтың биік символы болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары