09.01.2018, 07:11

Тыңдармандары таптап кете жаздаған Димаш Құдайбергенді қауіпсіздік қызметкерлері құтқарып қалды (ВИДЕО)

Фучжоудағы (Қытай) әлемдік турне аясында болған бұл көріністі Димаш Құдайберген өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

Видеода сахнадағы әншіні жақыннан көргісі келген тыңдармандар Димашқа алып-ұшып ұмтылып, таптап кете жаздағаны анық көрінеді. Абырой болғанда қауіпсіздік қызметіндегілер жерлесімізді топ ішінен арашалап алып кетіп үлгереді.

Айғай-шудың немен аяқталғаны белгісіз. Бастысы – Димаш қазір Қазақстанда.

«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше құрметтілерім», – деп жазды ол Instagram-парақшасына.