Танымал продюсер Баян Алагөзова отбасымен және өзінің жақын достары, туыстарымен теңіз жағасында демалыста жүр. Оның нақты қай курортта екені әзірге айтылмады, тек ол туған күні қарсаңында балық аулап отырған суреттерін өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
Ал желі қолданушылары сурет астына Алагөзованы құттықтап, ізгі тілектерін жаудыруда.
Осы ретте жақында ғана некесін қидырған күйеуі де үнсіз қалмай, продюсерді туған күнімен құттықтап, желіге екеуінің бірге түскен суретін жүктеді.
«Көп сөздің қажеті жоқ. Менің көзіме қара. Туған күніңмен, сүйіктім!», – деп қысқа қайырды Турсен Алагузов.
Айта кетейік, Баян мен Турсен үйлену үшін өз отбасыларын тастап, өмірлік жарларымен ажырасуға тура келген болатын. Баян телеарналардың біріне берген сұхбатында Турсен Алагузовты бұрыннан жақсы көргенін, тіпті, өз күйеуінің көзіне шөп салғанын да жасырмай айтқан.