Осыдан 10 күн бұрын Тайландқа аттанған әнші Ернар Айдар Instagram-парақшасына демалысынан түрлі суреттер мен видеолар жүктеп, ондағы әр сәтті оқырмандарымен бөлісіп отырды. Солардың ішінде ең қызығы – оның алып пілдің тұмсығының түбіне қорықпай жатуы болды.
Пілдің екі жағында таяқ ұстаған қос нұсқаушы бар. Солардың бұйрығымен жануар әншінің денесін бірнеше рет аяғымен нұқып-нұқып кеп жібереді. Ал Ернар Айдар болса, піл артқа жылжи салысымен дереу орнынан атып тұрып, «уф» деген ишарат білдіреді. Соған қарағанда әнші біраз үрейленсе керек.
Дегенмен өнер иесі бұл жағдайдан кейін пілдерді ұната бастағанын жазыпты.
«Пілді қатты жақсы көріп қалдым», – дейді ол. Әнші сондай-ақ, елге аман-есен оралғанын да жеткізген.