«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбет ажырасқаннан кейінгі өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып берді.
Жаңа жылда Ақбота жаңа дәурен бастамақ.
– 2018 жылы Алла қаласа отбасынан бөлек шығармашылыққа көңіл бөледі деп ойлаймын бәрі. Алдағы уақытта жаңа әндер, бейнебаяндар, түрлі жанрдағы кинорларды көре аласыздар, – дейді Сейітмахамбет «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.
Әншінің жаңа әні Қуандық Рахымның кешінде кесілді. Музыкасын Азиз Балтабайұлы, сөзін Мархаба Сәби жазған.
– Ойлап тұрмын бұл әнім шыққан соң, бұрынғы жолдасына арнады немесе ажырасып кеткен соң, сол күйеуіне арнады деген қауесет болуы мүмкін. Соның алдын ала отырып, сіздерге айтып кетейін бұл ыстық сезім, пәк махаббатты білдіретін ән. «Мен сені күтіп едім, тастап кеттің, алдап кеттің» деген сөздер жоқ ішінде. Тек қана нәзік сезіммен жеткізілген ән, – дейді Ақбота Сейітмахамбет.
Айта кетейік, Ақбота Сейітмахамбет КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен «Гламир для дур» фильмінен кейін жақын араласа бастаған еді. Кейін Айдарқұлов өзіне үш бала сыйлаған екінші әйелін тастап, Ақботамен отбасын құрған болатын. Үйлену тойын жасамағанымен олар мұсылмандық некелерін қидырғандарын айтқан. Кейін көп ұзамай, «түсінісе алмадық, айырылыстық» деп сұхбат берген. Қазір олардың ортақ некелерінен бір ұл бар.