$ 494.87  520.65  4.91

Баян Алагөзова өзін "Есентаева" деп атауға қарсы емес екенін айтты

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жаңа тегіне үйренісе алмай жүргенін айтты. Алайда ері мен әйелі бір болуы керек деп санайтынын, сондықтан Алагөзова болып өзгергенін мәлімдеді. Десе де продюсер өзін танымал еткен Есентаева атты тегін қайталағысы кеп тұратынын сөз етті.

Бұл туралы ол “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасында айтты.

“Бұрын Есентаевтың жары болғандықтан Есентаева болдым.

Шынымды айтсам, әлі де аузым “Е” әрпіне кетіп қала береді.

Бірақ ері мен әйелі бір болуы керек деп ойлаймын, сондықтан да Алагөзова болып өзгердім. Дегенмен бұрынғы тегіме ешқандай аллергиям жоқ”, – дейді ол ағынан жарылып.

Жақында тұрмысқа шыққан продюсер дүркіретіп той жасамайтынын мәлімдеді.

“Біздің тойымыз болды. Тек ол қарапайым түрде жақындарымыздың арасында өтті. Ал үлкен той жасаймыз деп күйеуім қалжыңдап айтқан. 7 желтоқсан күні некемізді қидырдық. Ал тұрмысқа шығатынымды тек бір күн бұрын кешкі сағат 9-да білдім. Бұл бір тосынсый болды. Турсен WhatsApp арқылы ертең үйленетінімізді жазып жіберді. Өзім түсірілімде отырғанмын. Әрине, дайындалып үлгермедім. Бар көйлегімді киіп бардым. Некемізді қидырып, бір сағаттан кейін Астанаға ұшып кеттік.

Күйеуімнің іс-әрекеттерін болжап біле алмайсың.

Оған үйренуге тырысып жатырмын”, – дейді Баян Алагөзова.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары