$ 494.87  520.65  4.91

"Жұлдыз ауруына шалдықпа дедім". Алтынбек Қоразбаев Төреғалидің алдап кеткенін айтты (ВИДЕО)

«МұзАрт» тобының негізін қалаушы әрі композитор Алтынбек Қоразбаев өзін бір кездері алдап кеткен Төреғали Төреәлінің қылығын айтып ренжіді. Төреғали композитордың кешіне қатысамын деп сөзінде тұрмапты.

Бұл туралы Қоразбаев «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын таңертеңгілік «Таңшолпан» бағдарламасында мәлімдеді.   

“Алты ай бұрын хабарласқан Төреғали “Ай Хай 25” әнін 5 күндік ән кешіне әнімді бірге орындауын сұрап, кештің соңғы нүктесін қойдық. Батамды беріп, сыйымды ұсынып, балама: «бастысы жұлдыз ауруына шалдықпа» дедім. Кейінірек өзім концерт беретін болып, кешке Төреғалиды шақырған болатынмын. Қуана келіскен. Кешке бірнеше күн ғана қалғанда әкесі хабарласып, келе алмайтынын айтты. Қалаларда концерттің афишалары да тарап кетіп еді», – деп Қоразбаев Төреғалидің алдап кеткенін айтты.  

Еске салайық, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концерттегі шудан кейін басы дауға қалып, көпшілік сынына ұшыраған. Кейін «Orda FM» радиосы оның әндеріне байкот жариялады. Содан бері әншінің былығын әріптестері мен таныстары әлі күнге әшкерелеп келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары