Қазір эстрада әншілерінің барлығы дерлік сахнаға да, тойға да фонограмма жаздырып алып, аузын жыбырлатуды әдетке айналдырған. Содан болар, халық табиғи даусымен ән айтқан әншіге ерекше құрмет көрсетеді.
Мәселен, отандық арналардың бірінде жанды даусымен ән шырқаған Айгүл Иманбаеваға көпшілік ерекше ықылас білдірді. Әрине, араларында оны сыбап алғандар да табылды.
Әнші сахнада «МұзАрт» тобының орындап жүрген «Есіңе ал» атты әнін шырқады. Желі қолданушылары оған түрлі пікір жазды. Тыңдармандардың бірі оның жанды дауыста ән шырқауын батылдыққа баласа, тағы өзгелері кәсіби әншілерден кем еместігін жазды. Ал, сыншылар болса Айгүлдің жанды дауыста ән айтамын шаршап қалғанын айтты.