$ 498.34  519.72  4.85

"Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрлейтін" деген Әуелбековаға Алагөзова жауап берді

Танымал эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекованың «Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрлейтін» деген сөзі қатты тиіп кетсе керек, Алагөзова желіге екеуінің суретін салып пост жазды.  

«Молечка, сен шынымен айтып отырсың ба? Өзің фантазер екенсің ғой, талантты қыз-ау? Неткен ақылдысың? Мүмкін бірге отырып, бір-біріміздің көзімізге тура қарап сұхбат береміз? Шындығында қалай болғанын айтамыз? Қалай қарайсың, Молечка? Қай БАҚ-пен келісейін? – деп жазды Алагөзова өзінің Instagram-парақшасына.

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың продюсерлігімен құрылған «Кешью» тобының құрамында бірнеше жыл өнер көрсетіп, елге танылды. Кейін олар өзара келісімге келе алмай, әнші топтан шығып кеткен.

Әуелбекова жақында ғана журналиске берген сұхбатында Баян Алагөзованың кезінде өзін мәжбүрлеп ашық-шашық киіндіретінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары