Соңғы екі жылда жұлдыздардың жұбайларын жариялауы трендте. Олай дейтініміз, бұрын танымал сұлулардың кімге күйеуге шыққанын анықтай алмай әбігерге түсетін едік, қазір керісінше. Жұлдыздардың қандай ән шығарғанын емес, қандай тамақ жейтініне дейін оңай біліп аламыз.
Әлеуметтік желіге сүйіктілерінің суреттері мен оған деген сезімдерін жазудан жалықпайтын ең таңдаулы бес бикеш кім екен?
Актриса, тележүргізуші Зарина Карменнің жолдасы Азат кәсіпкерлікпен айналысады. Екеуі достары арқылы танысқан.
Зарина Карменнің құрбысы Салтанаттың да күйеуі кәсіпкер. Екеуі Нұржанның әпкесі танымал актриса Дәрия Жүсіп арқылы танысқан.
Атақты продюсер Баян Мақсатқызының махаббаты баршаға мәлім. Тұрсын Алагөзовпен қосылғалы екеуінің суреттерін жиі салып, сезімін желі арқылы жеткізіп отырады.
Жақында ғана ана атанған қобызшы Ақерке Тәжібаева да өзінің жары Есенжол мырзаның суреттерін жиі бөліседі.
Сүйіктісінің суретін жиі салатын жұлдыздың бірі – Динара Қырықбаева. Бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған жас отбасының суреттеріне жылы пікір жазатын тыңдармандары көп.
Дереккөз: Ernur.kz