Танымал ресейлік нумеролог Клара Күзденбаева Төреғалидің мінезіне тән ерекшеліктерді атады. Ол Төрештің адал әрі сенгіш жан екенін айта келе, оған ренжуге болмайтынын атап өтті. Айтуынша, Төреғали өзінің әр әрекетін дұрыс деп санайды. Ал онымен сөз таластыру бос әурешілік.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.
“Төреғалидің туған күні – сенімділік күні деп аталады. Толыққанды тұлға, мейрімді, адал, сенгіш. Алайда оның бір кемшілігі – жаман әрекет жасағанын өзі де сезбейді. Ол әлемді бір шеңбердің ішінде көреді. Ол үшін тек ақ пен қара түс бар. Ең қызығы, оған іс-әрекетінің дұрыс емес екенін айту бос әурешілікпен тең. Себебі ол өзін үнемі дұрыс жасадым деп санайды. Кішкене көкбеттеу деп айтуға да болады. Бірақ оған ренжуге болмайды. Себебі ол өз шындығы бар азамат. Ол өзін әділетті әрі дұрыс әрекет жасадым деп ойлайды. Неге? Себебі ол ештеңені жасырмай, шындықты тура бетке айта салды. Жақындары онымен айтысудың бекер екенін білетін шығар деп ойлаймын. Сынды мүлдем қабылдай алмайды”, – дейді Клара Күзденбаева.
Нумеролог Төреғалидің өзгелерге табыс алып келетін жан екенін алға тартты.
“Ең қызығы, оның әр әрекеті тез кешіріледі. Ол тағдырдың еркесі. Мысалы, Қайрат Нұртас кішкентай ағаттық жіберіп қойса да, оған кешірілмеуі мүмкін. Нумерологиясында 7 саны жоқтар сондай болады. Ал Төреғалидің әрекеті ұмытылып, тез кешіріледі. Себебі ол табыс алып келетін адам. Төреғалиге беретін бір ғана кеңесім, ыңғайсыз жағдайға тап болған екен, оны өзгерте алмайтынын біледі ғой. Демек оған деген көзқарасын ауыстыру қажет. Оған уайымдауға болмайды. Ең бастысы, онымен жұмыс істеген адамдар да табысты болады. Әрине, ол кез келген нәрсеге еңбекпен қол жеткізеді. Өзінде аздап жалқаулық бар, ең бастысы ашкөз емес”, – деп ағынан жарылды нумеролог.