$ 444.32  473.33  4.76

Екеуің үйленіп алғансыңдар ма? Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен арадағы жақындығы жайлы айтты

Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалова соңғы кездері бірге қыдырып, желіге бірдей сурет салып жүр. Тіпті, Түркияға да қосақтасып, қыдырып келді. Олардың бұл әрекеттері көпшілікті қызықтыра бастады. Ұзынқұлақтардың алып-қашпа әңгімесі актерге де жетсе керек, Жанар туралы сұраққа ол мүдірместен жауап бере жөнелді.

«Жұрт қызықсын деп, бастапқыда үндемедік. Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деген қауесет тараттық. Адамдар сұрай бастады «Екеуің үйленіп алғансыңдар ма?» деп. Енді жауап беретін уақыт жетті», – деді актер НТК арнасына берген сұхбатында. Алайда, Жанар екеуінің арасындағы байланыс жайында сол күйі тұшымды жауап бермеді.

Жанар Дұғалова да өзіне келетін толассыз хаттар жайлы айтты. Әсіресе, тыңдармандары «Тәуекелмен біргесіздер ме?» деп жиі сұрайтын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары